Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімнің орынбасары Қалдыбек Оразовтың төрағалығымен семинар кеңес өтті
Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімнің орынбасары Қалдыбек Оразовтың төрағалығымен семинар кеңес өтті
Ауданымызға семинар кеңес өткізуге, Түркістан облысы әкімнің бірінші орынбасары А.Жетпісбайдың 2022 жылғы 14 қарашада бекіткен кестесіне сәйкес, Түркістан облысы әкімі аппараты тобының бас инспекторы- терроризмге қарсы комиссия хатшысы Е.Мұстафа, Түркістан облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері М.Таңірбергенов пен Е.Сембиев, Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел уәкілі Е.Олжабек, Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының уәкілі А.Жақсылық келді.
Семинар кеңеске ауданымызда осал объектілер иелері, ауыл, кент округ әкімдері де қатысты.
Түркістан облысы полиция департаментінің жедел уәкілі М.Таңірбергенов мырза, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» №234 қаулысының талаптарын түсіндірді.
Сонымен қатар, Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел уәкілі Е.Олжабек мырза, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» №1217 қаулысының талаптарын орындау керектігі айтты.
Семинар кеңес барысында сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.