Ауа райына байланысты бірқатар республикалық жолда қозғалыс шектелді

Ауа райының нашарлауына байланысты бүгін, 14 желтоқсанда сағат 09:00-ден бастап республикалық маңызы бар бірқатар автожолда барлық көлік түрлері үшін уақытша қозғалыс шектеуі енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ “ҚазАвтоЖол” компаниясына сілтеме жасап.
Қызылорда облысында қозғалыс «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240–1806 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасынан Қызылорда қаласына дейін) шектеледі.
Ақтөбе облысында осы жолдың 1153–1240 шақырым аралығында (Ырғыз кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейін) қозғалысқа шектеу қойылады.
Қозғалысты қайта ашудың болжамды уақыты – 14 желтоқсан, сағат 17:00.
Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлау және ресми ақпаратты қадағалау ұсынылады




