Астанаға жаңадан 40 автобус жеткізіледі
Алдағы күндері елорданың қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамы 18 метрлік жаңа 40 автобуспен толықтырылады. Автобустардың бірінші легі 21 наурызда жеткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сәуір айында ресімдеу, қабылдау, жабдықты орнату, жүйеде тіркеу, жүргізушілерді бекіту рәсімдерінен өткеннен кейін автобустар қала бағдарларына қосылады.
Қоғамдық көлік жұмысын жақсарту бойынша жұмыстар ары қарай да жалғасады.