Астанаға шетелдік жұмыс күші көбіне қай елден келеді

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл елордада шетелдік жұмысшыларды тартуға арналған квота саны азайды. Бұл туралы Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Илья Скуб мәлім етті.  

«Өткен жылы елордаға шетелден жұмыс күшін тартуға 1331 квота бөлінді. Оның ішінде 820 квота берілді. Шетелдік жұмысшылардың 91,2 % жетекшілер және білікті мамандар. Сонымен қатар, өз саласының І санаттағы жұмысшыларға 97 квота, ІІ санат 225, III санат 432 және IV санаттағы шетелдік жұмысшыларға 66 квота берілді», – деді Илья Скуб елорда мәслихатының отырысында.

Астанаға шетелден тартылатын мамандардың көбісі құрылыс саласына тиесілі 56 % (853), одан кейін кәсіби ғылым және техникалық қызмет 8,6 % (132), білім 6,6 % (101), одан бөлек әртүрлі қызметтердің үлесі 6,2 % (95).

«Былтыр қазынаға 400 000 000 теңге салық төленді. Елордадағы жұмысшылардың 96%-ы өз азаматтарымыз. Шетелден келетін мамандар санына келсек, Сербия 808, Түркия 209, Қытай 151 және Украинадан 107 сала маманына квота берілді», – дейді ол.

Оның айтуынша, биыл шетел азаматтарын елімізде еңбек етуге 1191 квота бөлінді.

ПІКІР ЖАЗУ