Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Астанадағы үшінші сорғы-сүзгі стансасына бөлінген 42 млрд теңге қалай игерілді

 АСТАНА. KAZINFORM – Астана әкімдігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында елорданың ауызсу мәселесін алдағы бірнеше жылға шешті делінген Интернациональный тұрғын алабындағы үшінші сорғы-сүзгі стансасын салуға кеткен 42 млрд теңгенің қалай жұмсалғаны туралы жалпылама мәлімет берді.

«Бұл нақты жағдайда жобаның құнына мыналар әсер етті: объектінің өнімділігі; энергиямен жабдықтау жеткізуші желілерінің болмауы; өндірушілер белгілі бір жоба үшін шығаратын технологиялық жабдықтың күрделілігі; осы объектінің жұмыс істеуі үшін қажетті қосалқы үй-жайлар мен қауіпсіздік жүйелерінің болмауы. Сонымен қатар, аталған жоба аясында елорданың сол жағалау бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ететін ұзындығы 17 км, диаметрі 1020 мм су бұру құбырының құрылысы жүргізілді», — деп жазылған қалалық энергетика басқармасының жауабында.

Бұған дейін әкімдік аталған жобаның егжей-тегжейін ашудан бас тартқанын жазған едік.

Сәйкес жаңалықтар

Мұрат Әйтенов транспорттық кептелістердің алдын алуды тапсырды

admin

Алматының Шаңырақ-1 шағынауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңа сквер ашылды

admin

Түркістанда туризмнен түсетін табыс көп

admin