Астанадағы үшінші сорғы-сүзгі стансасына бөлінген 42 млрд теңге қалай игерілді

 АСТАНА. KAZINFORM – Астана әкімдігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында елорданың ауызсу мәселесін алдағы бірнеше жылға шешті делінген Интернациональный тұрғын алабындағы үшінші сорғы-сүзгі стансасын салуға кеткен 42 млрд теңгенің қалай жұмсалғаны туралы жалпылама мәлімет берді.

«Бұл нақты жағдайда жобаның құнына мыналар әсер етті: объектінің өнімділігі; энергиямен жабдықтау жеткізуші желілерінің болмауы; өндірушілер белгілі бір жоба үшін шығаратын технологиялық жабдықтың күрделілігі; осы объектінің жұмыс істеуі үшін қажетті қосалқы үй-жайлар мен қауіпсіздік жүйелерінің болмауы. Сонымен қатар, аталған жоба аясында елорданың сол жағалау бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ететін ұзындығы 17 км, диаметрі 1020 мм су бұру құбырының құрылысы жүргізілді», – деп жазылған қалалық энергетика басқармасының жауабында.

Бұған дейін әкімдік аталған жобаның егжей-тегжейін ашудан бас тартқанын жазған едік.

ПІКІР ЖАЗУ