Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Астанадағы алапат өрттің себебі белгілі болды

 Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы көпқабатты үйдегі өрттің алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, өрт толығымен 250 шаршы метр алаңда жойылды.

Өрттің алдын ала себебі: отпен жұмыс істеу немесе оттың аз калориялы көздері. 2-ші қабаттан 27-ші қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасы мен жылытқышы жануы орын алды, — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сондай-ақ өрт кезінде өрт сөндірушілердің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала. 2 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар.

Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеуде. Жоюға 20 бірлік техника мен ҚР ТЖМ 91 құтқарушысы жұмылдырылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы көпқабатты үйдің 26-қабатынан өрт шыққаны туралы жазған болатынбыз.

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ДЕНСАУЛЫҚ» САЯБАҒЫ САЛЫНДЫ

admin

Тұрғындарға улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

admin

Шымкенттік жастар жолдауды қолдайды

admin