Астанада жолақысы қымбаттайды

 Астанада қоғамдық көлікпен жүру құнын 110 теңгеге өсірмек. Осы мәселеге қатысты қаулы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ашық НҚА порталында Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы қаулы жарияланды.

Қаулыда қоғамдық көлікпен қатынау құнының бағалары белгіленген:

– қалалық көлік қатынастарда жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі жолаушының бір сапары үшін 110 теңге.

– электрон жол жүру құжаты немесе электрон төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 110 теңге;

– электрон жол жүру құжаты немесе электрон төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 250 теңге;

– электрон жол жүру құжаты немесе электрон төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 110 теңге;

– электрон жол жүру құжаты немесе электрон төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қала маңындағы қатынаста – бір километр үшін 9 теңге 50 тиын;

– қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 220 теңге;

– қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 350 теңге;

– қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау кезінде – 220 теңге;

– қала маңындағы қатынаста қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – бір километр үшін 14 теңге.

Қоғамдық талқылау 5 наурызға дейін жүргізіледі.

Айта кетейік, қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленген болатын.

Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылғы наурыздан бастап тегін. Міндетті шарт – мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста валидация жасау.

Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар бұл жеңілдікке ие:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

2) жасы және еңбек еткен жылдары бойынша зейнетке шыққандар, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

3) көпбалалы аналар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) мүгедектер;

6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).

7) «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

ПІКІР ЖАЗУ