Астанада су тасқынына қарсы жұмыс жүргізіліп жатыр

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында су тасқынына қарсы қандай шаруалар атқарылып жатқаны туралы жазды. 

Елорда әкімдігі сайтының хабарлауынша, биыл су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны 20-ға дейін азайған. 

«Қалада су тасқынына қарсы жұмыс белсенді жүріп жатыр. Коммуналдық қызметтер 7 млн 100 мың текше метрден астам қар шығарды, бұл өткен қыс мезгілінің сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 млн текше метрге артық. Өткен жылдармен салыстырғанда су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны 20-ға дейін азайды. Қазіргі уақытта арық-науа желісінің 61 мың 600 погондық метрден астамы тазартылды, 14 мың погодық метрден астам коллектор жуылды, 9 мың 400 погондық метрден астам құбыр, 4 мың дана бақылау, жаңбыр қабылдау құдығы және т.б. буландырылды. Сондай-ақ нөсерлі кәріз жүйелеріне заңсыз кірме жолдарды анықтау бойынша және т.б. жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Жеңіс Қасымбек.

Ол сонымен қатар елорданы аралау барысында қаланы су тасқынынан инженерлік қорғауға жауапты Астана контррегуляторына, сондай-ақ Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту учаскелеріне барғанын атап өтті. 

«Қорғаныс құрылымының жалпы көлемі 450 миллион текше метрден асады. Қазіргі уақытта нысанның толтырылу көрсеткіші шамамен 48 миллион текше метрді құрайды. Су деңгейін тұрақтандыру мақсатында нысаннан 10 м3/с көлемінде су ағызылады. Сонымен бірге Есіл өзенінің акваториясының деңгейін реттеу және қаланың орталық бөлігінде су көлігі қатынасын қамтамасыз ету мақсатында Есіл өзенінің арнасын қалпына келтіру жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстың бәрі жалғасуда. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және т.б тұрақты дайындықта. Сол сияқты Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу мақсатында 100-ден астам жүк және мамандандырылған техника бөлінді», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

ПІКІР ЖАЗУ