Астанада “Орталық Азия + Жапония” саммиті өтеді
Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылғы 18 маусымда Жапония Сыртқы істер министрлігінің Еуропа істері жөніндегі бюросының бас директоры Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Сапар аясында жапондық дипломат ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевпен кездеседі. Тараптар Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың алдағы ресми сапары және жазда Астанада өтетін “Орталық Азия + Жапония” диалогының бірінші саммитіне дайындық барысы жөнінде мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр, – деді Смадияров.
Еске сала кетейік, биыл “Орталық Азия + Жапония” саммиті Астанада өтеді.