Астанада құтқарушылар өртеніп жатқан үйлен 60 адамды эвакуациялады

Астанада құтқарушылар өртеніп жатқан үйлен 60 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Астанада өрт шыққан көпқабатты үйден Төтенше жағдайлар министрлігі 60-қа жуық адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Есіл ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты – екінші және төртінші қабаттар арасындағы электр қалқаны өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, өрт баспалдағын және үш секциялы баспалдақ орнатып, түтін басқан аумақтан 13 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды. Сондай-ақ баспалдақ арқылы 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда, – депжазылған ведомствоның хабарламасында.