Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Астанада Қазақстан мен Сербия қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті

Қорғаныс министрлігіне Сербия қорғаныс ведомствосының басшысы Братислав Гашич ресми сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сербия қорғаныс министрі «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Братислав Гашич өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Братислав Гашич құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. Тараптардың серіктестік қатынастарды дамытуға деген ұмтылысының белгісі ретінде министрлер Қазақстан Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанындағы «Достық аллеясына» ағаш отырғызды.

Сәйкес жаңалықтар

Ұрлықты кәсіп еткен күдікті қолға түсті

admin

Арыста жалпықалалық «Менің елім — менің туым» экоакциясын жалғастырды

admin

Шетелдік байқаушы референдумда ерекше әсер еткен жайтты атады

admin