Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Астанада екі жас құрылысшы 15-қабаттан құлап, мерт болды

Астанада үйдің қасбетін салып жатқан екі жұмысшы 15-қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Астана қаласында салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешенінде қасбет қоюмен айналысқан екі жұмысшы 15-қабаттан құлап, қайтыс болды.

Қасбет қою жұмыстары барысында 20-қабатты «A-City» тұрғын үй кешенінде 1995 және 2003 жылғы екі жұмысшы биіктіктен құлап, оқиға орнында қаза болды, — делінген полиция хабарламасында.

ПД ақпаратына сәйкес құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Сәйкес жаңалықтар

Сауран секторында 3 нысанның құрылысы аяқталып, 7 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді

admin

Әйелдерді мемлекеттік қызметте жоғарылатудың жаңа тәсілі ұсынылды

admin

ШЫМКЕНТ: 29,5 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

admin