Астанада азаматтарға тегін құқықтық кеңес беретін іс-шара өтеді
Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған іс-шара өткізеді,деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараға заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, жеке сот орындаушылары палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
Тұрғындар 13 маусым күні сағат 16:00-18:00 аралығында №1 Автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алаңында (Сәбит Мұқанов көшесі, 2) құқықтық кеңес ала алады.
Заң кеңестері кезек тәртібімен көрсетіледі.