Астанада 225 әйел прокурорға мереке құрметіне шен берілді

Бүгін Бас прокуратурада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Таңертеңнен бастап прокуратураның ер қызметкерлері қадағалау органының нәзік жандарын құттықтап, олардың әрқайсысын ғимаратқа кіре берістен гүл шоқтарымен қарсы алды.

Сондай-ақ, олар үшін арнайы ұйымдастырылған шарада Бас Прокурор Берік Асылов сөз сөйлеп, прокуратураның өміріндегі әйелдердің ерекше рөлін атап өтіп, адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

«Осы тамаша мерекеде аналарымызды, әйелдерімізді, қыздарымызды, апаларымызды қуантуға асығатынымыз. Олар әдемілік пен нәзіктілікті бейнелейді. Әрі ер адамдарды жаңа биіктерге жетуге шабыттандырады», — деді ол.

Б. Асылов прокуратура қатарындағы әйелдерге жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап, заңдылықты нығайтуға үлкен үлес қосып жатқанын баса айтты.

Мереке құрметіне 225 әйел прокурорлар ведомстволық наградалармен және сыныптық шендермен марапатталды.

ПІКІР ЖАЗУ