Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Астанада 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы қар тазалауға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Түнде коммуналдық қызмет мамандары елордадан 8 мың текше метрден астам қар шығарды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды. 

Елорданың коммуналдық қызметі ауа райының қолайсыздығына, боран мен аязға қарамастан, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. 

17 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

16 ақпаннан 17 ақпанға қараған түнде қаладан 8 мың текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 600-ден астам рейс жасалды.

Қыс басынан бері елордадан 344,5 мың рейс 4,7 млн текше метрге жуық қар шығарылды.

Сәйкес жаңалықтар

«Достық үйінде» ҚХА ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті

admin

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

admin

В Казахстане планируют увеличить количество переселенцев

admin