Астана саммиті: Баспасөз орталығындағы атмосфера

 Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысының баспасөз орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада бүгін Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы өтеді.

Елорда Астана саммитін өткізуге дайын.

3 шілдеден бастап еліміз ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларын және басқа да шетелдік қонақтарды қарсы алды.

ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысының баспасөз орталығы Бейбітшілік және келісім сарайында орналасқан.

Қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері ақпаратты тікелей Пирамидадан таратады.

Қазір медиа орталыққа тіркеуден өткен журналистер жиналып жатыр.

Баспасөз орталығында БАҚ-тың жұмысына барлық жағдай жасалған.

Дәл қазір журналистер жұмыстарын бастап кетті.

Бейбітшілік және келісім сарайынды  V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын ұйымдастыру бөлімінің өкілдері шағын көрме ұйымдастырған.

 Ол жерде жергілікті және шетелдік журналистер ұлттық ойындар жайлы және ойынның қашан өтетіні туралы біле алады.

Суретте шетелдіктер домбыра мен қобыз үнін тыңдап, фото-видеоға түсіріп жатыр.

ПІКІР ЖАЗУ