«Аstana musical» театры Халықаралық фестивальде үздік атанды

 Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «ASTANA MUSICAL» театры сахналаған «№13» спектаклі Халықаралық II «Сәлем» комедиялық театр фестивалінде «Үздік комедиялық спектакль» номинациясы бойынша үздік атанды.

Биыл фестиваль Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтың 90 жылдығына арналды. «Сәлем» фестиваліне еліміздің танымал театрлары,одан бөлек Әзірбайжан мемлекеттік «Пантомим» театры, Түркияның Ыстанбұл мемлекеттік театры қатысты.

«ASTANA MUSICAL» Рэй Кунидің «№13» комедиясын ұсыып, қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

ПІКІР ЖАЗУ