Астана мектептері мен колледждері тағы да онлайнға көшті

Ертең де Астана мектептерінде сабақ онлайн өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2026 жылғы 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы.

Еске салайық, бүгін де Астана мектептері таңертеңгі ауысымда да, түстен кейін де онлайн оқыды.