Астана әуежайының қызметкерлері жалақы мәселесін көтерді
Әуежай қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етті.
«Әуежайда басшылық, қызметкерлер және Астана қаласы авиациялық прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Әуежай қызметкерлері жалақыны көтеруді сұрады. Тараптар келісімге келді», – деген хабар таратты елорда әуежайының баспасөз қызметі.
Жиын соңында басшылық жалақыны көтеруге қатысты талдау жүргізетін болып шешті.
Айта кетсек, былтыр қарашадан бастап Араб компаниясы Астана әуежайының жұмысын қолға алды.
Еске сала кетейік, 2019 жылы Астана әуежайы халықаралық әуежайлар кеңесіне мүше болды.