Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Астана әуежайында сирена іске қосылады

Бүгін 2 наурызда Астана әуежайы аумағында қауіпсіздік жүйелеріне жоспарлы техникалық тексеру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тексеру барысында дабыл жүйесі қысқа уақытқа іске қосылуы мүмкін. Бұл шара жолаушылар мен әуежай жұмыскерлеріне қауіп төндірмейді. Тексеру басталар алдында жолаушылар мен қызметкерлерге дыбыстық хабарландыру арқылы алдын ала ақпарат беріледі. Барлық жұмыстар жоспарға сәйкес, штаттық режимде және жауапты қызметтердің бақылауымен жүзеге асырылады, — деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін рейстер кешігуі мүмкін екенін хабарлаған Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жасаған болатын.

 

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: азаматтардың өтініштері заң аясында қаралады

admin

ШЫМКЕНТ: 104 азамат мерзімінен бұрын жинақтау шарты арқылы баспаналы болды

admin

ШЫМКЕНТ: 192 несиелік пәтерге өтінімдер қабылдау конкурсы басталды

admin