Астана әкімдігі қажет мамандарға жыл сайын 1200 грант бөледі

 АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев елорда әкімдігі бөлетін гранттардың қай мамандықтарға берілетінін айтып берді.

«Әкім гранттары 2018 жылдан бастап беріліп келеді. Өткен жылы 300-ден астам түлек оқуын аяқтады, біз оларды мектептерге жұмысқа орналастырдық. 2022 жылға дейін педагогикалық мамандықтарға 300-ге жуық грант берілді, кейінірек мыңға жуық грант бөле бастадық. Қазіргі уақытта әкімдік жалпы 1,2 мыңнан астам грант береді, оның 1 мыңы – педагогикалық мамандықтарға, 200-ге жуығы – медициналық мамандықтарға, теология және спорт салаларына бөлінген», – деді Қасымхан Сенғазыев Астана қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында.

Оның айтуынша, бұрын гранттар басқа мамандықтарға да берілген. 

«Бұрын әкім гранттары IT, құрылыс мамандықтарына да бөлінген болатын. Бұл бағытта білім алған студенттерімізді талдай келе, республика бойынша да осы мамандықтарға көптеген гранттар деген ұйғарым жасадық. Сондықтан жергілікті бюджетті ұтымды пайдалану үшін біз қаламызға қажетті мамандықтарды ғана қалдырдық», – деді әкімдік өкілі.

ПІКІР ЖАЗУ