Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Әскери-теңіз күштері құрамалары мен бөлімдерінің жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді

Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Әскери-теңіз күштерінің мыңға жуық әскери қызметшісі жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне көтерілді.

Іс-шараларға Әскери-теңіз базасының күштері мен құралдары, әртекті кемелер дивизионы, теңіз жаяу әскерлерінің десанттық-шабуылдау батальоны, диверсияға қарсы күштер мен құралдар ротасы және гидрографиялық қамтамасыз ету қызметтері қатысады.

Кешенді тактикалық-саптық сабақтар барысында хабарландыру жүйесінің тиімділігі, штабтар жұмысының үйлесімділігі, бөлімшелерді шоғырланған аудандарға шығарудың жеделдігі тексеріледі. Әскери техника мен қару-жарақ жауынгерлік қолдануға келтірілді.

Әскери-теңіз базасының командирі 1-дәрежелі капитан Есенғали Байботаев жауынгерлік кемелер экипаждары мен жағалау бөлімшелері порттар мен кемелер тұрақтарының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар ұйымдастырғанын атап өтті. Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Өткізілетін іс-шаралар кешені әскерлердің мақсаты бойынша міндеттерді орындауға дайындығын арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге және әскери қызметшілердің барлық санаттарының одан әрі кәсіби өсуіне бағытталған.

Жазғы оқу кезеңінде Әзербайжан қарулы күштерімен бірлескен жаттығулар, кемелердің теңізге шығуы, практикалық атыс, жауынгерлік машиналарды жүргізу, парашютпен секіру және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді ұрып-соққан

admin

Сауран: ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары мәселелері қаралды

admin

Жаңа құрамдағы комиссия жұмысына кірісті

admin