Әскери қызметшілер – су тасқынына қарсы күрестің батырлары: депутаттар сарбаздардың батылдығын атап өтті

Атырау облысындағы көктемгі су тасқыны өңір тұрғындары үшін үлкен сынақ болды. 50 күннен астам уақыт бойы 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері табиғи апатпен күресіп, алдыңғы шепте болды. Олар батылдық пен жанқиярлық танытып, адамдарды су басқан аудандардан эвакуациялады, инфрақұрылымды қалпына келтірді және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 

Парламент Мәжілісі мен Атырау облыстық мәслихатының «Ақ жол» демократиялық партиясынан депутаттары жауынгерлердің батылдына алғыс айту үшін, 35748 әскери бөліміне арнайы келді. Кездесу барысында депутаттар, оның ішінде «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев жауынгерлерге жанқиярлығы мен адамдарды құтқаруға және аймақты қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін терең ризашылықтарын білдірді. 

Олардың еңбегін мойындау үшін жас жауынгерлерге «Ақ жол» партиясының бастамасымен әзірленген «Апатқа қарсы күрес үшін» төсбелгісі табысталды.  Бұл белгі су тасқынына қарсы күрес кезінде сарбаздар көрсеткен батылдық пен ерліктің символына айналады.

Депутаттар сондай-ақ әскери қызметшілердің іс-әрекеттері адамдардың өмірін сақтап қалуға ықпал етіп қана қоймай, қиын жағдайларда бірлік пен ынтымақтастықтың үлгісі болғанын атап өтті. Көптеген тұрғындар әскерилердің батылдығын бақылап, зардап шеккендерге көмектесу үшін еріктілер тобына бірігіп, бір-біріне көмектесуге күш тапты. Қоғамның бұл бірлігі су тасқынының салдарымен күресте нағыз ресурсқа айналды.

Әр уақытта алдыңғы шепте жұрген әскери қызметшілер өздерінің тікелей міндеттерін орындап қана қоймай, төтенше жағдайда әркім өзі ойлағаннан да көп нәрсеге қабілетті екенін көрсете отырып, адамдарды іс-әрекетке шабыттандырды. Олардың төзімділігі мен өмірді құтқаруға деген адалдығы Отан қорғаушының жоғары атағына толық сәйкес келеді.

ПІКІР ЖАЗУ