Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Арыстықтар елордадағы жәрмеңкеге 40 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жөнелтті

Тамыз айының 27-28 күндері елордада Түркістан облысы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Осыған орай, бүгін Арыс қаласынан елордаға автокеруен аттанды. Керуен құрамында арыстық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері тиелген жүк көліктері бар.

Жәрмеңкеде өңіріміздің диқандары ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтық сатылымнан 15-20 пайызға төмен бағамен ұсынады.

Тоңазытқыштармен жабдықталған ауыр жүк көліктері ел астанасына сиыр, жылқы, қой еттері, сондай-ақ қызанақ, қияр, қауын, қарбыз, қымыран, жалпы 40 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізетін болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Critical is ticking companies for to block underage users

admin_bainews

Жылдамдықты бақылау енгізгеннен кейін жол-көлік оқиғалары 8%-ға азайған

admin

Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуы басты назарда

admin