Арыстық кәсіпкер 250 оқушыны «Оян, қазақ» фильміне апарды

Арыстық кәсіпкер, «Mega-Agat» ЖШС басшысы Әлішер Рүстембек қаламыздың 250 оқушы-студенттерін «Міржақып. Оян, Қазақ» фильміне тегін апарды. Ол үшін кәсіпкер бес үлкен автобус жалдап, оның шығындарын, және билет құнын толықтай өзі төлеп берген.

Кәсіпкердің мақсаты – бостандық үшін басын бәйгеге тіккен боздақ, азаттық жолында құрбан болған алаш қайраткерлерінің өмірін өскелең ұрпаққа өнеге ету дейді.

Осылайша, қала жастары қайраткерлік қызметімен халқының жүрегінен орын алған тұлға жайлы тарихи фильмнен рухани азық алды.

Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының негізіндегі толықметражды көркем фильм 21 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрлар желісі арқылы үлкен экрандардан ұсынылады.

Тарихи туынды Алаш қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 1909-1935 жылдардағы өмір кезеңін қамтиды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ