Арыстық Аяжан «Әлемнің үздік жауынгері» атанды

Ресей Федерациясының Анапа қаласында әмбебап жекпе-жектен Әлем чемпионаты өтті. Спорттық сайысқа Түркістан облысынан Жауынгерлік өнер қауымдастығының екі сайыпқыраны қатысып, жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды 13kz.kz 

14-15 жас аралығында 52 келі салмақта арыстық ару Аяжан Ергентай І орынды иеленіп, ресейлік қарсыласын накаутқа жібергені үшін «Әлемнің үздік жауынгері» атанды. Ал, 16-17 жас аралығында 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен түркістандық Муслим Асадиллаұлы ІІ орынды місе тұтты. Бапкерлері — Асхат Борықбаев, Болат Ибрагимов және Талғат Мақажанов.  Қос спортшы да бұған дейін елімізде өткен спорттық жарыстарға қатысып, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған. Мәселен, Аяжан Ерзатқызы әмбебап жекпе-жектен, «ММА» аралас жауынгерлік жекпе-жек бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында жеңімпаз. Сондай-ақ, Болгарияның астанасы София қаласында өткен «ММА» аралас жекпе-жектен Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған. Ал, Муслим Асадиллаұлының жасөспірімдер арасында жекпе-жек және панкратионнан облыс чемпионы деген атағы бар. Сонымен қатар, «Дала бөрілері — Көкжал FC» ашық турнирінің жеңімпазы.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

ПІКІР ЖАЗУ