Арыста жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жиын өтті
Түркістан облысы Арыс ауданында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтуге арналған кездесу өтті. Шараға құқық қорғау органдары қызметкерлері , білім беру бөлімінің мамандары, әлеуметтік сала мамандары мен мектеп оқушылары және ата аналары қатысты.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Қазіргі таңда елімізде орын алып жатқан оқиғаларға орай жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады- деп білім мен әлеуметтік сала мамандары өз жанайқайларын жеткізді.
Ата – аналар да осы тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салып, мектеп пен отбасы арасында біргелікте жұмыс жүргізгенде ғана баланың тәрбиесі нәтижелі болатындығын назарға ұсынды.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасап отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер еді деп тәртіп сақшылары жиналысты қорытындылады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі