Арыста өтіп жатқан бір айлық азық-түлік жәрмеңкесі қыза түсті
Бүгін, сатып алушылардың сұранысына сәйкес сөрелерге жаңа өнім түрлері әкелінді.
Енді сауда қатарында макарон, ұн, пияз-картоп, өсімдік майы секілді маңызды тауарлардан бөлек капуста, қызанақ, болгар бұрышы, асқабақ, жүзім, орамжапырақ секілді дәнді дақылдар мен көкөністер саудалануда.
Бағаның төмендігі халықтың қолайына жаққанын себет-себет азық-түлікті жайдары көңілмен үйлеріне тасып жатқанынан көруге болады.
Себебі, мұнда азық-түлік өнімдері нарықтан 25-30 пайызға дейін төмендетіліп сатылуда.
Айта кетейік, жәрмеңке күнделікті сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін созылады.
Сауда нүктесі бұрынғы Пернебек Үсенбай тойханасы жанында (қазіргі Әлеуметтік дүкен) орналасқан.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі