Арыста «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтуде

Арыс ауданындағы көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.

Іс-шараның алғашқы тәулігінде 50-ге жуық құқықбұзушылық анықталып, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескертулер жасалды.

Сонымен қатар аудандық пробация және прокуратура органдарының қызметкерлерімен, бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерілді.

Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға азаматтардың түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ