Арыста электросамокат және мопедтерге қатысты кезекті рейдтік шаралар өтуде

Бүгінгі таңда қала көлемінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің электроциклдер мен мопедтерді басқару жайттары жиі орын алуда. Осыған байланысты Арыс аудандық полиция бөлімі рейдтік шара жүргізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Жаңа заңнамаға сәйкес, 18-ге толған электроцикл немесе мопед басқарушыда арнайы жарық шағылыстыратын белгісі және шлемі, сондай-ақ кез-келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы шарт.

Электр самокатшыларға рөлден ұстамай жүруге, жолаушы және жүк тасымалдауға;

Түнгі уақытта жарықты шағылыстыратын заттарсыз жүруге, сонымен қатар, жолдың жиегіне шлемсіз шығуға;

Жаяу жүргіншілер өткелімен мопед, электр самокаттар мен велосипедтен түспей жүруге тыйым салынады

Электрлі самокатпен 25 км/сағат жылдамдықпен жолдың оң жақ шетінде, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақ бойымен бір қатарда жүре алады. Ал тротуар мен жол жиегінде, жаяу жүргіншілер жолында 6 км/сағаттан аспайтын жылдамдықты сақтау қарастырылған.

Осы жол ережесін бұзатындар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл арқалайды.

Аудандық полиция бөлімі арыстықтарды жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ