Арыс: жер қойнауын пайдаланушылармен жиын өтті

Қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында Арыс қаласы аумағында жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын басшыларымен кездесу өтті.

Қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаевтың төрағалығымен өткен жиынға қалалық кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Қуаныш Шойнахов, көлік прокуратурасы, көлік инспекциясы, Арыс аудандық полиция бөлімі өкілдері мен жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын басшылары қатысты.

Жиынды ашқан әкім орынбасары Рысдәулет Айтбаев күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, олардың шешу жолдарын талқылады.

Атап айтқанда, автомобиль жолдарына ауыр жүк көліктерінің зақым келтірмеуі үшін жер қойнауын пайдаланушылар арнайы өлшеу құралын орнатып, салмақты белгілеген шектен асырмау, ауыр жүк көліктеріне айналма жол салу мәселелері талқыланды. 

Бұдан бөлек, жер телімдерін нысаналы мақсатта пайдалану, электр желілерінің, тұрғын жай салуға рұқсат қағаздарды бірінші кезекте рәсімдеу, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қуаныш Шойнахов өндірілген өнім көлемі, кәсіпорынға алынған құрал-жабдықтардың инвестициялық есептерін статистикалық уәкілетті органға тапсыру, сондай-ақ кәсіпорындар Арыс қаласына салық төлеуші болып тіркелуі керектігі жөнінде хабарлады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасымен құрылған жер қойнауын заңсыз пайдалану мен тасымалдау кезінде жолдар мен қоршаған ортаның ластануын алдын алуға бағытталған жұмысшы топ қала аумағында тұрақты түрде рейдтік шаралар ұйымдастырылып келеді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ