Арыс: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісі өтті

Бүгін қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекованың төрағалығымен Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Мәжіліске Арыс қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, комиссия мүшелері, аппарат қызметкерлері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе: «Тұрғын үй, коммуналдық мәселелер, жол құрылысы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған іс-шаралары туралы» қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Қазыбек Бауыржанұлы баяндама жасаса, екінші мәселе: «Білім беру ұйымдарындағы квазимемлекеттік сектор субъектілерімен (комплаенс қызметі) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» қалалық білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков баяндама жасады.

Сондай-ақ, Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісі болды.

Күн тәртібінде «Көлiктегi қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы (темiржол жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату т.б.)» бойынша, Арыс 1 станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұрболат Биболатұлы, «Кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтар профилактикасы» жөнінде білім бөлімі басшысы Әшімхан Момбекұлы баяндама оқыды..

Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ