Арыс: мамандар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады

Арыс қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындарына жылыту маусымында қауіпсіздік шаралары туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қызметкерлер тұрғындарға Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі , пештерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айтып берді.

Тұрғын үй секторын аралау барысында жадынамалар мен буклеттерді тарата отырып, өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен талаптары түсіндірілді. Мамандар тұрғындарға қыс ауасында жылыту пештері мен түтін мұржалары және жүйелерінің тазарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтады.

Жұмысшы топ өкілдері өрт туындау қауіпін болдырмау үшін төменде көрсетілген өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтау қажеттігін ескертеді:

-Жылыту маусымына дайындық алдында пешті жөндеңіз,мұржаны күйеден кемінде айыны бір рет кем емес тазалаңыз.

-Үйден шығарда кемінде 2 сағат бұрын от жағуды тоқтатыңыз.

-Пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеңіз.

-Дайындалып жатқан асты пеште қараусыз қалдырмаңыз.

-Қатты отындағы пештің от жағатын есігінің астындағы жаңғыш материалдардан жасалған аймақты жиі қадағалап тұрыңыз!

ПІКІР ЖАЗУ