Арыс: құқықтық тәртіп жедел профилактикалық іс шарасы

Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету учаскесінде қылмысқа қарсы күресті күшейту, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қазан айының 16-20 аралығында «Құқықтақ тәртіп жедел профилактикалық іс шарасы» өтуде.

Арыс станциясы, желілік полиция бөлімінің тәртіп сақшылары темір жол обектілерін, әкімшілік учаскелерді патрульдеуге ерекше көңіл бөледі. Елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепке тұрған адамдарды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын адамдарды тексеру және ұстау, сонымен қатар қоғамдық орында алкогольдік ішімдікті пайдалану, тыныштықты бұзу, ұсақ бұзақылық, түнгі уақытта кәмелетке толмаған жас өспірімдердің заңды өкілдерінсіз жүрмеуі туралы жұмыстары қарастырылған.

Іс шара айасында полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидасын негізге ала отырып ерекше назар аударады.

ПІКІР ЖАЗУ