Арыс қаласында “Көшпенділер ойыны” атты спорттық сайыс өтті

Жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойынын салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын дәріптеу, туған жерге өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ұлттық ойындардың мәнін жастарды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу мақсатында Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Арыс қаласының «Ұлттық және жекпе-жек түрлері аула клубы» КММ-мен бірлесе отырып, жастар арасында «Көшпенділер ойыны» атты спорттық сайыс өткізілді.
Аталған спорттық сайысқа қала жастарынан 6 команда өнер көрсетіп өз бақтарын сынады. Командалар жарысқа 5 түрінен яғни жамбы ату,теңге ілу, аударыспақ,арқан тартыс және асық ату секілді спорт түрлерінен өнер көрсете отырып 6 топтың соның ішінде 3 команда үздік өнер көрсетіп нәтижесінде:

І орын – «Барыс»
ІІ орын – «Жалын»
ІІІ орын – «Сұңқар»
топтары арнайы алғыс хатпен марапатталып, жүлделі сыйлықтар үлестірілді.

Дереккөз:  Түркістан жастар орталығы

ПІКІР ЖАЗУ