Арыс: қалалық кәсіподақ ұйымының XVIII есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті

Конференцияға облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, төраға орынбасары А.Абуов, Арыс қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Момбеков, Арыс қалалық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Дастанов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Асилов, т.б. қонақтар және БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияға сайланған 51 делегаттың 50-і қатысты.

Арыс қалалық кәсіподақ ұйымының есебі туралы кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Мұхаев баяндама жасап, соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Баяндаманы талқылауға конференцияда сөйлеген 5 делегат тарапынан атқарылған жұмыстарға бірауыздан қанағаттанарлық деген баға берілді.

Арыс қалалық кәсіподақ ұйымы тексеру комиссиясының есебі бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Б.Мелдебеков баяндама жасады. Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Арыс қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитеті арасындағы әлеуметтік әріптестік негізінде жасалып жатқан жұмыстар жайлы қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Момбеков кең көлемде сөйледі, ұсыныстар жасады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің жұмыстары туралы бірқатар атқарылған іс шараларға тоқтала отырып, осы жұмыстарды жақсарта түсу жөнінде ұсыныс, пікірлер айтты. Сол сияқты облыстық кәсіподақ комитетінің атқарылған жұмыстары туралы айтып, конференция делегаттарын хабардар етті, облыстық кәсіподақ комитетінің алдағы жұмыстары жайлы ақпарат жасады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасын сайлау бойынша Ж.Мұхаевтың кандидатурасын ұсынды. Талқылаудан кейін делегаттар тарапынан қолдау көрсетіліп, Ж.Мұхаев бірауыздан Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.

Конференцияда 21 адамнан қалалық комитет, 3 адамнан қалалық тексеру комиссиясы және белгіленген өкілеттік нормасына сәйкес облыстық кәсіподақ ұйымының конференциясына 5 делегат сайланды.

Арыс қалалық ауылшаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Дастанов және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Асилов сөз сойлеп, есеп беру-сайлау конференциясының жұмысы өз деңгейінде өткендігін айтып, оң бағаларын берді.

Осымен Арыс қалалық кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өз жұмысын аяқтады.

ПІКІР ЖАЗУ