Арыс: базардағы тазалық – бақылауда болуы тиіс

Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова «Орталық базарға» барып, сауда алаңының бүгінгі жай-күйімен танысты. Базар айналасындағы сатушылармен тілдесіп,  заң талаптарына сай жұмыс жасауға шақырды.

Шара барысында шаһар басшысы сауда дүкен иелері өзіне іргелес аумақтың тазалығына жауапты екені айтты. Тазалық-санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда айыппұл салу керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, әр сауда орындарының өз арнайы автотұрағы болуы керектігін айтты.

Бұдан бөлек, базар аумағынан өтетін суағар (лоток) ішінің тазалығын ретке келтіру керектігін ескертіп, орынбасарларына тапсырма жүктеді.

Анығында, базар аумағында ретсіз сауда жүргізіп, «қызыл сызықтан» асып кеткен кәсіпкерлік нысандар, жаяу жүргіншілер жолына «жайма» сауда жасаушылар келушілерге қолайсыздар тудыруда.  Бұл бойынша осыған дейін де бірнеше мәрте рейдтік шаралар жүргізілген.

Заң талаптарына түсіністікпен қарамаған азаматтарға алдағы уақытта тағы қайталанса айыппұл салынатындығы қатаң ескертілді. Осы бойынша құрылған арнайы жұмысшы топтың рейдік шаралары әлі жалғасын табатын болады.

ПІКІР ЖАЗУ