Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Арыс: Әкім орынбасары жеке қабылдау өткізді

Бүгін қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға келгендердің дені тұрғын үй кезегіне тұру, тұрғын үйді жөндеу, ауыз су сынды мәселелер көтерді.

Әкім орынбасары әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысы «Жайлы мектеп» жобасын үйлестіруде көш бастап тұр

admin

«Күрт артты». Қазақстандықтар зейнетақыға жиналған ақшасын шешіп жатыр

admin

Түркістанда АИТВ инфекциясына қарсы күрес жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді

admin