Ардагерлер арасында Кентау қаласы әкімінің кубогі үшін турнир өтті

«Қала күні» мерекесіне орай ағымдағы жылдың 01 қазан күні Кентау қаласында футболдан 40 жастан асқан әуесқой ардагерлер арасында жарыс өтті.

Қатысушылардың айтуынша, оларды спортқа, футболға деген махаббат біріктіреді. Сондай-ақ, достарымен кездесіп, жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік алады.

«Ардагерлермен жиі жиналып, футбол ойнаймыз, керемет көңіл-күй аламыз. Әдемі кездесулер, жақсы қарым-қатынасты бізге осы турнир сыйлайды. Ойын қиын берілді. Қарсыластарымыз мықты команда, соңына дейін берілмей ойнадық. Мұндай спорттық шаралар ардагерлерді қолдап, оларға мереке сыйлайды» — деп жарыс қатысушысы, футбол ардагері Ерлан Амирбеков өз ойымен бөлісті.

Футбол әуесқойлары бір дауыстан, футбол – олар үшін өмір мәні екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл турнир ардагерлерді психологиялық және моральдық тұрғыдан қолдайтыны да айттыды.

Доп додасына қос командалар жоғарғы дайындықпен келгенін көрсетіп, тартысты өткен ойын нәтижесінде үздік қақпашы, үздік қорғаушы,үздік шабуылшы номинация иегерлері анықталып, оларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ