Ардагер полицейлер марапатталды
Түркістан қаласы Полиция бақармасының басшылығы «Республика күні» мерекесіне орай ардагерлерді арнайы құттықтады. Зейнетке шыққаннан кейін де елдің ынтымағы мен бірлігінің жарасуына үлес қосып, игі іс-шаралардың бастамашысы болып жүрген ардагерлерге ризашылық білдірді.
Кездесуде сөз алған қалалық полиция басқармасы ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырхан Сансызбаев, ішкі істер саласының ардагерлері мен полиция қызметкерлерін айтулы мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Кездесу кезінде ардагерлер жас мамандарға өздерінің қызметтік жолдарындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар жұмыс кезінде кездескен қиындықтар мен қызықты оқиғаларын еске алып, жас тәртіп сақшыларына ақыл-кеңестерін айтты. Шара соңында жиынға қатысқандар естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі