Әрбір 4-ші қазақстандық мемлекеттен әлеуметтік көмек алады – Дүйсенова
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова биыл әлеуметтік төлемдерге 6,1 трлн теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жергілікті бюджет пен республикалық бюджеттің 50 пайыздан астамы әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға берілген. Сондықтан мемлекет азаматтардың алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толық орындап отыр деп айтумызға болады. Екіншіден, салықты уақытылы төлемеудің кесірінен бір азамат әлеуметтік көмектен қағылуы мүмкін. Салық емес төлемдерді төлемеу де бюджетке мәселе тудырады. Сондықтан әрбір жұмыс істеп жүрген азамат, егер табыс тауып жүрген болса, салығын уақытылы төлеуі қажет. Ал егер төлей алмайтын обьективті себебі болса, салық органдарымен сөйлескені жөн, – деді Дүйсенова Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.
Вице-премьер әрбір 4-ші қазақстандық мемлекеттен әлеуметтік төлем алып жатқанын айтады.
Сондықтан, меніңше, бүгінгі таңда атаулы көмек беру мәселесі бұрынғыдан қарағанда жақсарды. Мемлекеттің міндеті – азаматтарға жұмыс беріп, оған тарту. Мемлекет барлығына бірдей көмек бере бермейді, – деді Үкімет басшысының орынбасары.