Аппақ Ишан сәулетті кешені

Аппақ Ишан кесенесі, мешіт медресе және үлкен аудиториядан тұрады. Аппақ ишан кесенесі – ХІХ ғасырдың ақырындағы сәулетті ескерткіштердің бірі. Кесене ішінде екі сағана бар. Оның бірі – Аппақ ишандікі, екіншісі – осы Аппақ ишан күмбезін салған шебердікі. Мешіт-медресе құрылысы Бұқара сәулетшілерінің жобасы бойынша Қасым Ишанның бастамасымен 1840 жылдары діни оқу орны ретінде салынды. Кешен құрылысына: медресе, мешіт, дәрісхана кіреді. Мешіт-медресе құрылысын Қосым баба бастап, баласы Сейдахмет жалғастырып, немересі Аппақ ишан аяқтаған. Октябрь революциясынан кейін мешіт 1928 жылға дейін қызмет еткен., сосын Кеңес үкіметінің бүйрығы бойынша жабылды. Кейін ғимаратта қойма, әр түрлі ұйым және тұрғын үй орналасты. Қазіргі таңда Аппақ Ишан мешіт медіресесі туристік маршруттарға қосылып даму барысында. Аппақ Ишан мешіт медіресісі Отырар қалашығындағы мешіттің түп нұсқасын көруге мүмкіндік беретін бірден бір кешен. Кешеннің 35 күмбезі бар, Қазақстандағы ең көп күмбезі бар нысан болып есептеледі. Кесене музейінде Аппақ Ишанның жұмақтың есіктері, мұсылманның 5 парызы т,б бейнеленіп жазылған жеке жайнамазын көруге болады.

 

ПІКІР ЖАЗУ