«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты интеллектуалды сайыс өткізді

Жастарымызды зияткерлік рухта тәрбиелеп, ізденімпаз азаматтар шоғыры ретінде қалыптастыруда «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанаты «AMANAT-AQYLMAN» интеллектуалды ойындар өткізуді қолға алды. Ақыл-ой мен зеректік қарым-қабілетті шыңдауға арналған жоба, Түркістанның ежелден ілім-білімнің орталығы болған шамшырақ мекен екенін ілгерілетуді көздейді.

Облыс орталығында өткен қалалық деңгейдегі байқаудың іріктеу кезеңіне қатысқан командалар әр салада еңбек ететін азаматтарды біріктіріп, басын қосты. Барлығы 6 команда қатысқан ойындардың ашылу салтанатында партияның Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сұлтанхан Таштеев, партияның өңірлік филиалы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Жансерік Жұман сөз алып, қатысып жатқан топтарға ой жарыстан үздік шығуларына тілектестігін білдірді.

Байқауға төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, білім саласының қызметкерлері, кітапханашы мамандар, жастар ұйымдарының белсенділері, «Шауғар» бастауыш партия ұйымының өкілдері, темір жол саласының қызметкерлері қатысып, бақ сынады. Байқау шарты бойынша әр команда 4 тапсырманы орындап шықты. Қазылар алқасы үміткерлердің берілген тапсырмаларды орындаудағы тапқырлығына, жауаптарды мазмұнын ашып баяндауына, ұтымды жауаптар бергендеріне назар аударды.

Қазылар алқасының шешімімен кітапханашылардан құралған топ ойындардың жеңімпазы деп танылып, облыстық кезеңдегі ойындарға қатысуға мүмкіндік алды. Айта кету керек, партияның облыстық филиалы бастамашыл болған интеллектуалды ойындардың ақтық кезеңі Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында өтетін болады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ