Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

«Аманат» партиясы өңірлердегі кездесуін Түркістаннан бастады

Облысымыздың бір топ зиялы қауым өкілдері Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловпен кездесті. Хатшы партияның жаңару, жандану аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, еркін форматта пікір алмасты.

Келелі жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев қатысты.

Алғашқылардың бірі болып сөз алған елімізге белгілі сазгер, профессор, ұстаз Бекжігіт Сердәлі партияның жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар өзекті мәселелерді оның ішінде талантты жастарды қолдау, оларды қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстыру, ән, күй сапасын жақсарту мақсатында шығармашылық кеңес құру сынды ұсыныстарын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысының спортшылары топ жарды

admin

Түркістан: Cайрамда ғасыр жасаған аналар ақ батасын берді

admin

58 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана күрделі жөндеуден өтуде

admin