Алматыдағы жер сілкінісі: Қай жерде қанша балл сезілді?

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:09-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұған дейін Алматыда жер сілкінгенін хабарладық. Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.

 

Қазіргі уақытта алынған деректер өңделуде. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

 

Есептік қарқындылығы:

  • Алматы қаласы – 2 балл (75 км)

 

Алматы облысы:

  • Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы – 4 балл (35 км)
  • Есік қаласы – 4 балл (39 км)
  • Маловодное ауылы – 3 балл (44 км)
  • Шелек ауылы – 3 балл (62 км)
  • Көкпек ауылы – 2 балл (77 км)
  • Ұйғыр ауданы, Ж. Қайыпова ауылы – 3 балл (45 км)
  • Кеген ауданы, Саты ауылы – 3 балл (48 км)
  • Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 3 балл (67 км)
  • Кеген ауылы – 2 балл (113 км)
  • Талғар қаласы – 3 балл (52 км)
  • Іле ауданы, Өтеген-Батыр ауылы – 3 балл (73 км)
  • Боралдай ауылы – 2 балл (84 км)
  • Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы – 2 балл (115 км)
  • Ұзынағаш ауылы – 2 балл (123 км)
  • Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 2 балл (136 км)
  • Чунджа ауылы – 2 балл (140 км)
  • Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл (84 км)
  • Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы – 2 балл (99 км)
  • Қонаев қаласы – 2 балл (103 км)

 

Жетісу облысы:

  • Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл (136 км)

 

Құзырлы органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат жарияланған жағдайда толықтырылатын болады.