Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыдағы Сайран көлі жыл соңына дейін абаттандырылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы Сайран көлін абаттандыру жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындармен кездесуінде мәлім етті.

Мегаполис басшысының айтуынша, былтыр конкурстық рәсімдер өткізіліп, мердігер ұйыммен келісімшартқа қол қойылды.

«Сайран көлінің жағалауын нығайту жұмыстары басталды. Тастақ шағынауданында көрсетілген аумақты реконструкциялау жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады», — дейді Ерболат Досаев.

Бұған дейін аталған көлдің түбін тазарту жұмыстары жүргізілгені туралы жазған едік.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

admin

Қыран елім – Қазақстан

admin

Шардараның шарболаттары әлемді тағы да мойындатты

admin