Алматыда тұрғындар мен қонақтарға алма ұсынылды

№1 теміржол вокзалының алаңында Алматының Қала күніне орай мерекелік акция өтті.

Ұлттық киім киген бойжеткендер шаһар тұрғындары мен қонақтарын оңтүстік астананың басты нышаны – алмамен қарсы алды.

Бұл акция Алматының қонақжайлығын тағы бір мәрте еске салып, қатысқандардың бәріне мерекелік көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Қала символы – алма осы күндері Алматыға келген әрбір жанға ыстық ықылас пен шын жүректен шыққан алғыстың белгісіндей табыс етілді.