Алматыда пробация қызметтері мен полиция бөлімшелері

 

Алматыда пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру және пробациялық қызметтің бақылауына алынған сотталғандар арасында қайталап қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында 15-22 тамыз Есепте тұрған 83 сотталған жаза өтеу тәртібін бұзған

аралығында “Пробация” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалау шараларына сотталған адамдар туралы мәліметтерге соттармен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен салыстыру жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Алматы қаласының пробация қызметінде 2600-ден астам сотталған адам есепте тұр, оның ішінде 9 кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Соның ішінде Алатау ауданы пробациялық қызметінің есебінде 720 адам бар. Жедел іс-шара кезінде сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеру полиция департаментінің учаскелік инспекторларымен бірлесіп атқарылуда. Сондай-ақ аталған іс-шара кезіндегі міндеттерді орындауға пробация және полиция қызметтерінің жеке құрамы да көптеп тартылды. Осындай біріккен жұмыстардың нәтижесінде “Пробация” ЖПІШ жүргізілген күннен бастап бүгінгі күнге дейін 83 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 48 адам тұрғылықты жерінде болмаған немесе пробация қызметінің қызметкерлерін хабардар етпей тұрғылықты жерін ауыстырған. Сондай-ақ сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуінің, оның ішінде уақытша тіркеуінің болмауы сияқты басқа да құқық бұзушылықтар анықталды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almatyda-eseptegi-83-sottalghan-zhaza-oteu-tartibin-buzghan/

ПІКІР ЖАЗУ