Алматыда митинг пен шеру өткізетін орындарға өзгерту енгізілмек

 Алматы қаласы мәслихатының шешімімен «Алматы қаласында бейбiт жиындарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн мамандандырылған орындарды анықтау, сондай-ақ мамандандырылған орындарды пайдалану тәртiбi туралы» шешiмге өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Пикеттер мен шерулерді өткізетін орындардың аумағын, объектілердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мақсатында Шоқан Уәлиханов алаңынан Амангелді Иманов атындағы саябақта (сыйымдылығы 500 адам) мамандандырылған орынды (сыйымдылығы 1000 адам) ауыстыру ұсынылады.

Жоба 24 шілдеге дейін Ашық НҚА сайтында ашық талқылауда болады.

Сондай-ақ Шевченко көшесімен өтетін қолданыстағы шеру маршруты Гагарин даңғылы мен Мұқанов көшесі арасындағы Жамбыл көшесінің бойындағы жаңа маршрутқа ауыстырылады.

Жоба бойынша “Сары-Арқа” кинотеатрының артындағы алаңның сыйымдылығын 500-ден 1000 адамға дейін өзгерту жоспарланған.

ПІКІР ЖАЗУ